№ 368 от 30.04.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылдың 1 қарашасында Олег Викторович Бранцевке адвокаттық қызметпен айналысуға берілген №0001791 мемлекеттік лицензиясының қолданысы үкім заңды күшіне енгенге дейін тоқтатылсын.
2. Қостанай облысының Әділет департаменті жоғарыда аталған лицензияның қолданысы тоқтатылғаны туралы О.В. Бранцевтің, Қостанай облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 23.04.2024 жылғы № -1/16649-вн ұсынысы, 09.04.2024 жылғы № 240000131000019 сотқа дейінгі жедел тергеп-тексеру хаттамасы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова