№ 339 от 19.04.2024
Қазақстан Республикасының «Адвокаттық қызмет және Заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 5-тармағына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылғы 15 мамырда Әсем Маратқызы Байниязоваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 18009671 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
- Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты адвокат
Ә.М. Байниязованың назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы адвокаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған адвокаттың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директорының В.К. Калимоваға жүктелсін.
- Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Негізі: 05.04.2024 жылғы Ақмола облысы Әділет департаментінің № -1/14357-вн ұсынысы, 01.04.2024 жылғы Ақмола облыстық адвокаттар алқасының № 123 өтініші, адвокат Ә.М. Байниязованың өтініші.
Вице-министр Л. Мерсәлімова