№ 330 от 17.04.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 19.01.2011 жылы Найля Аманжоловна Кузбаеваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0004168 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
2. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті аталған лицензияның қолданысы тоқтатылғаны туралы адвокат Н.А. Кузбаеваның, Шығыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 06.03.2024 жылғы № 04-1/9876-вн ұсынысы, Астана қаласының мамандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының 12.01.2024 жылғы №7198-23-00-1/107 үкімі.
Вице-министр Л. Мерсәлімова