№ 335 от 19.04.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Алма Амировна Байтаковаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 14 қазанда берілген № 22019157 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
2. Қостанай облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.А. Байтакованың назарына жеткізсін;
2) жекеше нотариус А.А. Байтакованың мөрін жою ұйымдастырылсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.А. Байтакованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: 17.04.2024 жылғы Қостанай облысы Әділет департаментінің № -1/16038-вн хаты, 06.03.2024 жылғы Қостанай қалалық сотының № 3910-24-00-2/359 шешімі.
Вице-министр Л. Мерсәлімова