№ 321 от 16.04.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2014 жылғы 18 қарашадағы Айнур Абдуллақызы Махулбаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 14017351 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрсын.
2. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментіне:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.А.Махулбаеваның назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.А.Махулбаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 28 наурыздағы №01-1/12691-вн ұсынысы, 2024 жылғы 13 наурыздағы Орал қалалық №2 сотының ұйғарымы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова