Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 327 от 16.04.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2022 жылғы 27 желтоқсандағы Акнур Жанатовна Чельдебаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 22026226 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрсын.

2. Қызылорда облысының Әділет департаментіне:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.Ж.Чельдебаеваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.Ж.Чельдебаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Қызылорда облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 26 наурыздағы  № 1-1/11964-вн ұсынысы, 2024 жылғы 07 наурыздағы Қызылорда қалалық сотының ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                             Л. Мерсәлімова

 

Дата публикации
18 апреля 2024