О приостановлении действия лицензии

№ 315 от 15.04.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Виктор Игоревич Ханға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2023 жылғы 31 қаңтарда берілген № 23002886 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
  2. Қызылорда облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус В.И. Ханның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус В.И. Ханның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Қызылорда облысы Әділет департаментінің 20.03.2024 жылғы № 1-1/11963-вн ұсынысы, 05.03.2024 жылғы Қызылорда қалалық сотының талап қою ісін жүргізуге қабылдау туралы ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                              Л. Мерсәлімова

Дата публикации
18 апреля 2024