Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 318 от 16.04.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Дилмухамбет  Аширбаевич Аргимбаевтың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2013 жылғы 14 қаңтарында берілген № 13000259 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2026 жылдың 14 наурызына дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Алматы қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.А. Аргимбаевтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.А. Аргимбаевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Алматы қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 29 наурызындағы               № 01-1/12909-вн  ұсынысы, жекеше нотариус Д.А. Аргимбаевтың арызы.

 

Вице-министр                                                                               Л. Мерсәлімова

Дата публикации
18 апреля 2024