№ 322 от 16.04.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Динара Сансызбаевна Темербекованың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2023 жылғы 31 қаңтарында берілген № 23002913 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2027 жылдың 29 наурызына дейін тоқтатыла тұрсын.
2. Ақмола облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.С. Темербекованың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.С. Темербекованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысының Әділет департаментінің 2024 жылғы 02 сәуіріндегі № -1/13405-вн ұсынысы, жекеше нотариус Д.С. Темербекованың арызы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова