Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 323 от 16.04.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2013 жылғы 30 қазандағы Елена Тельмановна Тулюбековаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 13016948 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрсын.

2. Қарағанды облысының Әділет департаментіне:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Е.Т.Тулюбекованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Е.Т.Тулюбекованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Қарағанды облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 28 наурыздағы №-0401/672-вн ұсынысы, 2024 жылғы 11 наурыздағы Қарағанды қаласының Қазыбек би аудандық  №2  сотының ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                           Л. Мерсәлімова

Дата публикации
18 апреля 2024