«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының Өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

«Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының Өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің  

2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 560 қаулысына

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі                         № 560 қаулысымен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының үлгілік регламенті (бұдан әрі – Үлгілік регламент) мен Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының Өтініштерді қарауды бақылау бөлімдері туралы үлгілік ереже (бұдан әрі – Үлгілік ереже) бекітілді.

Қаулы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері аппараттарының лауазымды адамдарымен жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау жөніндегі жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Үлгілік регламентте Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері аппараттарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының тәртібі айқындалған.

Үлгілік ережеде облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімдерінің мәртебесі мен құзыреті, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімі және орталық мемлекеттік органдармен әрекеттестігі мәселелері айқындалған.

Қаулы республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Дата публикации
08 сентября 2020