Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 299 от 11.04.2024

 

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Бакир Закирович Нуржановқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылғы 20 желтоқсанда берілген № 12019097 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 15 қыркүйегіне дейін тоқтатыла тұрсын.

2. Қостанай облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Б.З. Нуржановтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Б.З. Нуржановтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 19 наурызындағы               № -1/11705-вн  ұсынысы, жекеше нотариус Б.З. Нуржановтың арызы.

 

Вице-министр                                                                           Л. Мерсәлімова

 

 

Дата публикации
15 апреля 2024