Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 298 от 11.04.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Муран Мирашевич  Манеповке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2021 жылғы 17 сәуірінде берілген № 21026610 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2.  Ақтобе облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.М. Манеповтің назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.М. Манеповтің іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Ақтөбе облысы Әділет департаментінің 14.03.2024 жылғы №-1/10913-вн ұсынысы, 11.03.2024 жылғы Ақтөбе қалалық  сотының ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                                  Л. Мерсәлімова

Дата публикации
15 апреля 2024