БҰЙЫРАМЫН:
1. «Сот-сараптама қызметі, соның ішінде сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар саласындағы сот-сараптама қызметін жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 48 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10309 болып тіркелген) мындай өзгеріс енгізілсін:
Сот-сараптама қызметі, соның ішінде сот-медициналық, сот-психиатриялық және сот-наркологиялық сараптамалар саласындағы сот-сараптамалық қызметiн жүзеге асыру үшiн қойылатын бiлiктiлiк талаптары мен оларға сәйкестiктi растайтын құжаттардың тізбесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Сараптама қызметін ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуді және бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы ТАӘ
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі