1. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұқым шаруашылығын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (баяндамашы – Парламент Мәжілісінің депутаты Мәмбетов Еркебұлан Нұрмағамбетұлы, қосалқы баяндамашы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Тасжүреков Ербол Қуанышұлы).
Шешті:
- Ведомствоаралық комиссияның мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұқым шаруашылығын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық еткен «Азық-түліктік қауіпсіздік туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (баяндамашы – Парламент Мәжілісінің депутаты Зейнуллин Аян Талғатұлы, қосалқы баяндамашы – Ауыл шаруашылығы вице-министрі Тасжүреков Ербол Қуанышұлы).
Шешті:
- Ведомствоаралық комиссияның мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық еткен «Азық-түліктік қауіпсіздік туралы», «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларына Үкімет қорытындысының жобасы тмақұлдансын.
3. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық еткен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне жер қойнауын пайдалану саласын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасын қарастыру (баяндамашы – Парламент Мәжілісінің депутаты Рау Альберт Павлович, қосалқы баяндамашы – Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Шархан Иран Шарханұлы).
Шешті:
- Ведомствоаралық комиссияның мүшелерінің ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары бастамашылық еткен «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Кодексіне жер қойнауын пайдалану саласын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына Үкімет қорытындысының жобасы мақұлдансын.
4. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын қарастыру (баяндамашы – Ұлттық экономика вице-министрі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы).
Шешті:
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астананы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты мақұлдансын.
5. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын қарастыру (баяндамашы – Ұлттық экономика вице-министрі Омарбеков Бауыржан Бақытұлы).
Шешті:
- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты мақұлдансын.
Комиссия төрағасы -
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі А.Н. Есқараев