№ 290 от 09.04.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Казыбек Амантаевич Жолбарысовқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2016 жылғы
1 ақпанда берілген № 16001517 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
2. Абай облысының Әділет департаменті:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус К.А. Жолбарысовтың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус К.А. Жолбарысовтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Абай облысының Әділет департаментінің 2024 жылғы 3 сәуірдегі № -1/13703-вн ұсынысы, Абай облысынының Семей қалалық сотының 2024 жылғы 18 наурыздағы жеке ұйғарым.
Вице-министр Л. Мерсәлімова