Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 291 от 09.04.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы
2-тармағының 1) тармақшаcына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Роза Марсельевна Мансуроваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2000 жылғы
5 қыркүйекте берілген № 0000803 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.

2. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Р.М. Мансурованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Р.М. Мансурованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.

5. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 3 сәуірдегі
№ 01-1/13664 вн ұсынысы, Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы № 2 сотының 2024 жылғы 15 наурыздағы жеке ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                       Л. Мерсәлімова

Дата публикации
12 апреля 2024