Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын ішкі мемлекеттік бақылау бойынша 2024 жылғы 1-тоқсандағы есебі

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес Әділет министрлігіне (бұдан әрі – Министрлік) 53 мемлекеттік қызмет бекітілген.

Оның ішінде электронды форматта - 34, электронды-қағаз түрінде – 19.

53 мемлекеттік қызметтің 32 түрін әділет органдары,  28 түрін «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ көрсетеді.

            Бақылау іс-шараларына қатысты

            Министрліктің  мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтау нысанына бақылау шараларын өткізу бойынша 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын орындау мақсатында, 2024 жылғы 1-тоқсанында 6 тексеріс жүргізілді  (Қызылорда, Жетісу, Ұлытау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының Әділет департаменттері).

          2024 жылдың басынан жіберілген бұзушылықтардың саны – 9 (бизнес-процестердің бұзылуы – 3, өзге бұзушылықтар – 6).

          Мемлекеттік қызмет алушы тарапынан дәлелін тапқан шағымдар және олар бойынша қабылданған шараларға қатысты  

          Бөлімшелердің мәліметтеріне сәйкес, есепті кезенде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына дәлелін тапқан шағымдар түскен жоқ.

          Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуларға қатысты 

          2024 жылдың 1-тоқсанында (есеп нысанына сәйкес) 1556 жеке және 29 заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылды, олардың ішінде электрондық түрде жеке тұлғаларға – 1537, заңды тұлғаларға – 0,  қағаз жүзінде жеке тұлғаларға – 19, заңды тұлғаларға – 29 бас тартулар.

          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы қызметалушыларды ақпараттандыру бойынша түсіндіру жұмыстарына қатысты      

          Есепті кезеңде әділет органдары 398 848 адам санын қамтитын 653 түсіндіру жұмыстарын өткізді.

          Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру  курстарынан өткен тұлғаларға  қатысты

          2024 жылдың 1-тоқсанында мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан әділет органдарының 20 қызметкері өтті.

          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мерзімдерін бұзу бойынша

          2024 жылдың 1-тоқсанында «Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша мерзімді бұзудың 1 фактісі тіркелді (Ғ.Ф. Мұсаханның өтініші). Аталған факті бойынша Алматы қ. Әділет департаментінің бас маманы Ә.Ж. Байжанов «сөгіс» түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Дата публикации
10 апреля 2024