Лицензияның қолданысын қайта бастау туралы

№ 283 от 05.04.2024

«Нотариат туралы» Заңының 10-бабы 3-1 тармағына, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 45-бабы 7-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылғы 8 сәуірдегі Ерлан Задаулы Кажибековқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0001159 мемлекеттік лицензиясының қолданысы қайта басталсын.
  2. Астана қаласы Әділет департаменті осы бұйрықты жекеше нотариус Е.З.Кажибековтың назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын қайта бастау туралы жазбаны енгізсін.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 2024 жылғы 26 наурыздағы  № 2-1/12103-ВН ұсынысы, 2024 жылғы 19 наурыздағы нотариус Е.З.Кажибековтың өтініші, 2024 жылғы 11 наурыздағы Астана қ. азаматтық істер бойынша сотының ұйғарымы

 

Вице-министр                                                                             Л. Мерсәлімова

Дата публикации
08 апреля 2024