№ 285 от 08.04.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Лариса Сергеевна Кимге адвокаттық қызметпен айналысу құқығына 2007 жылдың 12 қаңтарында берілген № 0001018 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылдың 28 ақпанға дейін мерзіміне тоқтатыла тұрсын.
- Алматы қаласының Әділет департаменті Л.С.Кимнің адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Алматы қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Алматы қалалық адвокаттар алқасының 2024 жылғы 12 наурыздағы № 1-101 өтінішхаты, 2024 жылғы 20 ақпандағы адвокат Л.С.Кимнің өтініші.
Вице-министр Л. Мерсәлімова