Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 268 от 01.04.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Динара Абдиашимовна Дарибаеваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 17 сәуірдегі берілген № 14005247 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрсын.
  2. Шымкент қаласының Әділет департаментіне:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Д.А.Дарибаеваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Д.А.Дарибаеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Шымкент қаласының Әділет департаментінің 2024 жылғы 6 наурыздағы № 1/9819-вн ұсынысы, 2024 жылғы 1 наурыздағы Шымкент қаласының азаматтық істер бойынша ауданаралық сотының ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                             Л. Мерсәлімова

 

Дата публикации
04 апреля 2024