Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 265 от 01.04.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Гульнара Абдыхалимовна Кабиеваның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2012 жылғы 6 қарашадағы берілген № 12015314 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2029 жылғы 7 наурызына дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрсын.
  2. Астана қаласының Әділет департаментіне:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Г.А.Кабиеваның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Г.А.Кабиеваның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласының Әділет департаментінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 4-1/10362-вн ұсынысы, 2024 жылғы 6 наурыздағы нотариус Г.А.Кабиеваның арызы.

 

 

Вице-министр                                                                             Л. Мерсәлімова

Дата публикации
04 апреля 2024