Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 267 от 01.04.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Айым Муратовна Байгозинаның нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2005 жылғы 25 тамыздағы берілген № 0000174 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2027 жылғы 1 наурызына дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрсын.
  2. Астана қаласының Әділет департаментіне:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.М.Байгозинаның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.М.Байгозинаның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласының Әділет департаментінің 2024 жылғы 5 наурыздағы № 4-1/9629-вн ұсынысы, 2024 жылғы 29 ақпандағы нотариус А.М.Байгозинаның өтініші.

 

Вице-министр                                                                             Л. Мерсәлімова

 

Дата публикации
04 апреля 2024