Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 263 от 01.04.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Шаркул Ибрашовна Абдразаковаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2005 жылғы 20 қыркүйекте берілген № 0000179 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
  2. Қызылорда облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ш.И. Абдразакованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ш.И. Абдразакованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2024 жылғы 07 наурызындағы №1-1/10170-вн ұсынысы, 2024 жылғы 27 ақпанындағы Қызылорда қалалық сотының ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                           Л. Мерсәлімова

Дата публикации
04 апреля 2024