№ 262 от 01.04.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2018 жылдың 29 мамырында Айжан Кабиболлаевна Байгоншековаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 18010724 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2044 жылдың 26 ақпанға дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.
- Павлодар облысы Әділет департаменті А.К. Байгоншекованың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Павлодар облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Павлодар облысының адвокаттар алқасының 2024 жылғы 11 наурызындағы өтінішхаты, адвокат А.К. Байгоншекованың арызы.
Вице-министр Л. Мерсәлімова