№ 255 от 27.03.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағы 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Калмахан Жаксыбекович Ерментаевқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2023 жылғы 18 мамырында берілген № 23011216 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрсын.
1) осы бұйрықты жекеше нотариус К.Ж. Ерментаевтың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус К.Ж. Ерментаевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
Негізі: Маңғыстау облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 18 наурыздағы № 01-1/11580- вн ұсынысы
Вице-министр Л. Мерсәлімова