Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің 2023 жылға арналған іс-шаралар қорытындылары бойынша есебі

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде Қоғамдық кеңес (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) жұмыс істейді, оның құрамына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Association Digital Kazakhstan» ММ, «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйым» ММ, «AUTISM KAZAKHSTAN» ұлттық қауымдастығы, «Көмек» адам саудасы құрбандарының уақытша тұру орталығы» ММ, Қазақстан Республикасы Республикалық нотариаттық палатасы, «Curator Palata» заң консультанттары палатасы, Республикалық адвокаттар алқасы, «KK Regulatory Consulting» ЖШС консалтингтік компаниясы, Республикалық сот-сараптама палатасы, «Kazakhstan Bar Association» Заң консультанттар палатасы, Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы сияқты әртүрлі салалардың өкілдері кіреді.

Қоғамдық кеңестің 2023 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, жыл басынан бері Әділет министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) Қоғамдық кеңестің 8 отырысын ұйымдастырып, өткізді.

Отырыстарда: Сот актілерін орындау және заң жобалау жұмыстары жоспарының жұмыстың қорытындылары; Ұлттық зияткерлік меншік институты және Сот сараптамалары орталығы қызметтерінің ұйымдастыру мәселелері; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған даму жоспарының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларының жобалары және басқа да мәселелер қаралды және талқыланды.

Оның ішінде Заңға сәйкес Қоғамдық кеңестің алдында Министрдің 2023 жылға арналған жұмыс нәтижелері туралы есебі тыңдалды, Қоғамдық кеңес мүшелерінің бірауыздан дауыс беруімен Министрдің есебі қабылданды.

Бұдан басқа, 56 нормативтік құқықтық актінің жобасы оның ішінде: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 8 қаулысының жобасы, Министрліктің 48 бұйрығының (бірлескен бұйрықтарды қоса алғанда, яғни келісілген немесе айтылған) жобасы қаралып, келісілді

Сонымен қатар, 2023 жылы Кеңес мүшелері: 2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы жобасының ережелерін алдағы пәндік талқылауды ұйымдастыру мәселесі жөніндегі кеңесте, Әділет министрлігінің алқа отырыстарында, “ Қазақстанның Азаматтық Альянсы” қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған "Қоғамдық кеңестер институтының проблемалары мен даму перспективалары" тақырыбындағы конференцияда, Мәдениет және ақпарат министрлігі ұйымдастырған IX Қазақстанның Азаматтық форумында, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ұйымдастырған, қоғаммен серіктестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасының ережелерін талқылау бойынша жұмыс кездесулерінде және басқа да өткізілетін іс-шаралар мен тренингтерге белсенді қатысты.

Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес Министрліктің Қоғамдық кеңеспен тиімді өзара іс-қимылы бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

Отчет
Дата публикации
01 апреля 2024