№ 235 от 18.03.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2023 жылдың
15 қыркүйегінде Нуржан Аужанович Анзабековке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 23020340 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты айға тоқтатыла тұрсын.
- Қарағанды облысының Әділет департаменті осы бұйрықты Н.А.Анзабековтың, Қарағанды облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Қарағанды облысы Әділет департаментінің 16.02.2024ж. ұсынысы
Вице-министр Л.Мерсәлімова