Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 238 от 19.03.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 4)-тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Амангуль Скендировна Мураткановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2014 жылғы 07 сәуірде берілген № 14004650 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
  2. Ақтөбе облысы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.С. Муратканованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.С. Муратканованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Ақтөбе облысы Әділет департаментінің 16.02.2024ж. № 1/7009-вн ұсынысы.

 

Вице-министр                                                                         Л. Мерсәлімова

Дата публикации
19 марта 2024