Лицензияның қолданысын тоқтату туралы

№ 237 от 18.03.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2003 жылдың 06 желтоқсанында Ер-Улан Кабижанович Мырзахметовке адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0005211 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
  2. Қостанай облысының Әділет департаменті Е.К. Мырзахметовтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Қостанай облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Қостанай облысы Әділет департаментінің 06.03.2024 жылғы №-1/9962-вн ұсынысы, 31.10.2023 жылғы № 20-962-23-0000855 қайтыс болу туралы акт жазбасы.

Вице-министр                                                                              Л. Мерсәлімова

Дата публикации
19 марта 2024