Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 234 от 18.03.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 10)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жанбирлес Дуйсенгалиевтың нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2002 жылғы 20 желтоқсанда берілген № 0001262 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай мерзімге тоқтатыла тұрсын.
  2. Ақтөбе облысының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж. Дуйсенгалиевтың назарына жеткізсін;

2) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж. Дуйсенгалиевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Ақтөбе облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 12 наурыздағы № 1/10619-вн хаты, 2024 жылғы 7 наурыздағы № 2-4/110  Ақтөбе облысының нотариаттық палатасының ұсынысы.

 

Вице-министр                                                                             Л. Мерсәлімова

Дата публикации
19 марта 2024