№ 233 от 18.03.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 44-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2021 жылдың 3 шілдесінде Диана Жексенбаевна Исабековаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 21021729 мемлекеттік лицензиясының қолданысы тоқтатылсын.
- Астана қаласының Әділет департаменті Д.Ж. Исабекованың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Астана қаласының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 29 ақпандағы қаулысы.
Вице-министр Л.Қ. Мерсәлімова