Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 225 от 12.03.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағы 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Руслан Бахытович Калышбаевқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2020 жылғы 10 қарашадағы берілген № 20016861 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрсын.
  2. Жамбыл облысының Әділет департаментіне:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Р.Б. Калышбаевтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Р.Б.Калышбаевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № 1-1/6878 вн ұсынысы.

 

 

Вице-министр                                                                             Б. Жақселекова

Дата публикации
13 марта 2024