Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 217 от 11.03.2024

Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2008 жылдың 21 қаңтарында Канат Кыдырханович Амиралинға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0001713 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылғы 4 сәуір дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.
  2. Астана қаласының Әділет департаменті К.К. Амиралинға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы адвокат К.К. Амиралин, Астана қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
  3. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

          1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың  мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;

          2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.

Негізі: Астана қалалық адвокаттар алқасының 14.02.2024 жылғы № 5054 өтінішхаты, адвокат К.К. Амиралинның арызы.

 

Вице-министр                                                                                           Б. Жакселекова

Дата публикации
13 марта 2024