Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 219 от 11.03.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Томирис Маулетовна Абдрахмановаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2021 жылғы 4 мамырда берілген № 21017089 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 6 айлық мерзімге тоқтатыла тұрсын.
  2. Астана қаласының Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Т.М.Абдрахманованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Т.М.Абдрахманованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің №4-1/5981-вн ұсынысы, жекеше нотариус Т.М.Абдрахманованың арызы.

 

Вице-министр                                                                              Б. Жакселекова

 

Дата публикации
13 марта 2024