№ 218 от 11.03.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2006 жылдың 20 сәуірінде Темирали Халифович Ташимбетовқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0000623 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2034 жылғы 31 желтоқсан дейінгі мерзімге дейін тоқтатылсын.
- Астана қаласының Әділет департаменті Т.Х. Ташимбетовқа адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы адвокат Т.Х. Ташимбетов, Астана қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Астана қалалық адвокаттар алқасының 14.02.2024 жылғы № 5049 өтінішхаты, адвокат Т.Х. Ташимбетовтың арызы.
Вице-министр Б. Жакселекова