№ 220 от 11.03.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2019 жылдың 6 мамырында Айгерим Мерекеевна Салкееваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №19021447 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылғы 26 шілдедегі № 05479-002993/311 атқарушылық құжат толық орындалуына дейін тоқтатылсын.
- Астана қаласының Әділет департаменті А.М. Салкееваға адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы адвокат А.М. Салкеева, Астана қалалық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 22.02.2024 жылғы № 1-1/7920-вн өтінішхаты, 10.01.2024 жылғы Астана қаласының Азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының № 7142-23-00-2м/23042 ұйғарымы.
Вице-министр Б. Жакселекова