Лицензияның күшiн тоқтату туралы

№ 212 от 07.03.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы
1-тармағы 4)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Канат Леонидович Тахтановқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2019 жылғы 07 маусымда берілген № 19012394 мемлекеттік лицензиясының күші тоқтатылсын.
  2. Астана қаласы Әділет департаменті:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус К.Л. Тахтановтың назарына жеткізсін;

2) жекеше нотариус К.Л. Тахтановтың мөрін жою ұйымдастырылсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус К.Л. Тахтановтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының күшін тоқтатылу туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық оның мазмұны нотариустың назарына жеткізілген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астана қаласы Әділет департаментінің 06.02.2024 жылғы №1-1/5341-вн ұсынысы, Астана қаласы сотының қылмыстық істер жөнінде сот алқасының 2024 жылғы 19 қантардағы қаулы.

 

Вице-министр                                                                         Б. Жақселекова

Дата публикации
11 марта 2024