БҰЙЫРАМЫН:
- «Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32893 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесінде:
18, 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Мемлекеттік білім беру тапсырысын, студенттерді, магистранттар және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысын бекіту, бөлу және орналастыру бойынша нормативтік құқықтық актілер.
- Кәсіптік стандарттарын және бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамаларын және жұмысшылардың кәсіптерін, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілер.»;
мынадай мазмұндағы 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26-тармақтармен толықтырылсын:
«20. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органмен келісілген көрсеткіштерді есептеу әдістемелерінің әкімшілік көздерін бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.
- Құқықтық статистика мен есеп нысандарын қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актілер.
22.Стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын және (немесе) маршруттарын айқындау және бекіту туралы нормативтік құқықтық актілер.
- Тізбелерді, тізімдерді, кестелерді, диаграммаларды, статистикалық, алғашқы статистикалық және әкімшілік деректерді жинау нысандарын, есептілік нысандарын және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды, құжаттардың үлгілері мен нысандарын (анықтамалар, тізілімдер, тізілімдер, журналдар, анықтамалар және басқалар) бекітетін нормативтік құқықтық актілер.
- орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау), сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы шешімдер қабылдауды көздейтін нормативтік құқықтық актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларын жүзеге асыру бойынша, сондай-ақ «Ел экономикасына инвестициялар тарту жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 4 желтоқсандағы № 404 жарлығы аясында қабылданатын нормативтік құқықтық актілер».
- Жоғары тұрған нормативтік құқықтық актілердің өтпелі және қорытынды ережелерін іске асыру үшін қабылданатын нормативтік құқықтық актілер.
- Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарынан туындайтын тұрғын үй құрлычы мен қаржыландыру саласындағы ұйымдастырушылық мәселелерді, тетіктерді, техникалық нормаларды реттейтін нормативтік құқықтық актілер.».
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу департаменті осы бұйрықты заңнамада бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
- Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.