Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 205 от 05.03.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы  2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Марат Бакбердинович Абраевке нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 26 желтоқсандағы берілген № 22025963 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрсын.
  2. Павлодар облысының Әділет департаментіне:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус М.Б. Абраевтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус М.Б.Абраевтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Павлодар облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № 1/6894-вн ұсынысы, Павлодар қалалық сотының 2024 жылғы 7 ақпандағы ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                             Д. Ваисов

Дата публикации
06 марта 2024