Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 208 от 05.03.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Лэйла Жаныбековна Маненоваға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2023 жылғы 25 қаңтардағы берілген № 23002371 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрсын.
  2. Ақмола облысының Әділет департаментіне:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Л.Ж. Маненованың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Л.Ж.Маненованың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 14 ақпандағы № 1/6619-вн ұсынысы, 2024 жылғы 12 ақпандағы Ақмола облысы Косшы қаласы сотының ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                             Д. Ваисов

Дата публикации
06 марта 2024