№ 200 от 04.03.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2002 жылдың 12 желтоқсанда Равиль Хамитовқа адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0004384 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2027 жылдың 1 ақпанға дейінгі мерзімде тоқтатылсын.
- Атырау облысының Әділет департаменті Р.Хамитовтың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Атырау облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасына:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Атырау облысы адвокаттар алқасының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 36-02 өтінішхаты, адвокат Р.Хамитовтың арызы.
Вице-министр Д. Ваисов