№ 199 от 04.03.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2005 жылдың 25 тамызында Юлия Амангельдиевна Айбусыноваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген № 0000246 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2029 жылдың 1 наурызға дейінгі мерзімде тоқтатылсын.
- Атырау облысының Әділет департаменті Ю.А. Айбусынованың адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиясының қолданысы тоқтатылғаны туралы Атырау облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін;
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасына:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап күшіне енгізіледі.
Негізі: Атырау облысы адвокаттар алқасының 2024 жылғы 7 ақпандағы № 34-02 өтінішхаты, адвокат Ю.А.Айбусынованың арызы.
Вице-министр Д. Ваисов