Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 198 от 04.03.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Берик Валериевич Абилгазинға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 3 қазандағы берілген № 22018141 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрсын.
  2. Солтүстік-Қазақстан облысының Әділет департаментіне:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Б.В. Абилгазинның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Б.В.Абилгазинның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Негізі: Солтүстік-Қазақстан облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 27 ақпандағы № 1/8574-вн ұсынысы, 2024 жылғы 23 ақпандағы Солтүстік-Қазақстан облысының Петропавл қаласы № 2 сотының ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                             Д. Ваисов

Дата публикации
05 марта 2024