№ 175 от 29.02.2024
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес,
БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 1999 жылдың 17 наурызында Гульнар Сатымовна Жумахановаға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0000563 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылғы 18 қаңтарға дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрсын.
- Атырау облысының Әділет департаменті осы бұйрықты М.К.Шукеновтың, Атырау облысының адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Атырау облысының адвокаттар алқасының 29.01.2024 жылғы № 2966 өтініш-хаты, 17.01.2023 жылғы адвокат Г.С. Жумаханованың арызы.
Вице-министр Д. Ваисов