Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы  

№ 186 от 01.03.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-1-тармағының 3)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Асемгуль Кеньжебаевна Мустафинаға нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2019 жылғы 19 тамыздағы берілген № 19017257 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2025 жылғы 24 ақпанға дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрсын.
  2. Астана қаласының Әділет департаментіне:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус А.К.Мустафинаның назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус А.К.Мустафинаның іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Астаны қаласының Әділет департаментінің 2024 жылғы 26 ақпандағы № 4-1/8365-вн ұсынысы, 2024 жылғы 21 ақпандағы нотариус А.К.Мустафинаның арызы.

 

Вице-министр                                                                             Д. Ваисов

 

 

Дата публикации
04 марта 2024