№ 188 от 01.03.2024
«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж.Ж.Ергельдиновтың назарына жеткізсін;
2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;
3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.Ж.Ергельдиновтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;
2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 23 ақпандағы № 1/8076-вн ұсынысы, 2024 жылғы 21 ақпандағы Ақмола облысы Целиноград аудандық сотының ұйғарымы.
Вице-министр Д. Ваисов