Лицензияның қолданысын тоқтата тұру туралы

№ 185 от 01.03.2024

«Нотариат туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы                                 2-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен Жанболат Әбдікамалұлы Сапарқұловқа нотариаттық қызметпен айналысу құқығына 2022 жылғы 01 қарашадағы берілген № 22020294 мемлекеттік лицензиясының қолданысы алты ай дейінгі мерзімде тоқтатыла тұрсын.
  2. Ақмола облысының Әділет департаментіне:

1) осы бұйрықты жекеше нотариус Ж.Ә. Сапарқұловтың назарына жеткізсін;

2) лицензияның қолданысын тоқтата тұру кезеңінде лицензиаттың мөрін уақытша сақтауға алсын;

3) нотариаттық палатамен бірге жекеше нотариус Ж.Ә.Сапарқұловтың іс жүргізуінде жатқан құжаттарын басқа нотариусқа беру бойынша шаралар қабылдасын.

  1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру жөнінде шаралар қабылдасын;

2) нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың Мемлекеттік тiзiлiмiне аталған нотариустың лицензиясының қолданысын тоқтата тұру туралы жазбаны енгізсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департамент директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2024 жылғы 21 ақпандағы № 1/7239-вн ұсынысы, 2024 жылғы 15 ақпандағы Астана қаласы азаматтық істер бойынша ауданаралық сотының ұйғарымы.

 

Вице-министр                                                                             Д. Ваисов

Дата публикации
04 марта 2024