№595 16.08.2023
Қазақстан Республикасы «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заңының 43-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен 2010 жылдың
3 ақпанында Ардак Ермековна Абеуоваға адвокаттық қызметпен айналысу құқығына берілген №0003510 мемлекеттік лицензиясының қолданысы 2024 жылдың 24 шілдесіне дейін тоқтатыла тұрсын.
- Ақмола облысының Әділет департаменті осы бұйрықты
А.Е. Абеуованың, Ақмола облыстық адвокаттар алқасы, сот және құқық қорғау органдарының назарына жеткізсін.
- Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментінің Заң қызметін ұйымдастыру және лицензиялау басқармасы:
1) адвокаттық қызметпен айналысуға берілген лицензиялардың Мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба енгізсін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаментының директоры В.К. Калимоваға жүктелсін.
- Осы бұйрық оған қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Негізі: Ақмола облысы Әділет департаментінің 2023 жылдың 17 шілдедегі №06-19/8266 ұсынысы, 2023 жылдың 12 шілдедегі А.Е.Абеуованың өтініші.
Вице-министр А. Мұқанова