2024 жылғы 23 ақпандағы № 159
БҰЙЫРАМЫН:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы нұсқаулықта:
2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеген кезде жіберілген техникалық қателерді түзету мүдделі тұлғаның өтініші бойынша жүргізіледі.
Көрсетілетін қызметті беруші тіркеуге өтініште көрсетілген мәліметтерді тексереді, мәліметтерді архивтік материалдардың деректерімен салыстырып тексереді.
Көрсетілетін қызметті беруші жылжымалы мүлік кепілінің тізіліміне «ерекше белгілер» бағанына, сондай-ақ кепілді тіркеу туралы куәлікке қосымша жазба енгізу арқылы техникалық қателерді түзетеді.
Әділет министрлігі мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты олар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге береді».
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
|
А. Ескараев |